Жасотандықтар үйлердің аулаларын қардан тазартуға көмектесті
Жасотандықтар үйлердің аулаларын қардан тазартуға көмектесті
299
оқылды
Жыл сайын «Jas Otan» Жастар қанатының белсенділері жалғызбасты зейнеткерлер мен аға буын өкілдеріне үй аумақтарын тазартуға көмектесіп тұрады. Одан бөлек, белсенділер ауланы қардан тазартып қана қоймай,  үй шаруашылығына да қолғабыс етуде.  Оқудың тығыз кестесіне қарамастан, жастар игі іс жасау үшін уақыт табуда. Көмекке келген қонақтарды алғашқылардың бірі болып қала тұрғыны, зейнеткер Қуанышбаева Шарбубі қабылдады. Ол Сарыарқа ауданының тұрғыны. [caption id="attachment_108369" align="alignnone" width="1024"]жас ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Егде жас әжеге жиналған қарды өз ауласынан уақытында және сапалы түрде тазартуға мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ, жиналған қар көктемде күн сәулесінің астында ауыр болып, шатырды сындыратынын ұмытпаған да жөн. Сондықтан, қарды шатырдан алып тастайтын да уақыт келді. Ауланы тазалауда елу ерікті көмекке асықты. Бұл Шарбубі әжені бей-жай қалдырмады, әжейге қолғабыс етуге келген еріктілерге талаптарына ризашылық білдірді. Жұмыс барысында бақшадағы сарайдан моншаға дейін жүретін жол салынды, үйдің ауласы мен шатыры қардан тазаланды. Осындай ізгілікті іспен жастар үй иесіне шаттық пен күш-қуат сыйлады десек, қателеспейміз.

– «Мен жастарға көрсеткен көмектері үшін шын жүректен ризамын, - дейді зейнеткер. - Мұндай үлкен қар құрсауынан құтылу өзімнің қолымнан еш келмес еді. Жалынды жастарымыздың бізді естерінен шығармай, қамқорлық көрсетіп, жәрдем беруі қатты қуантады», – деп қария жастардың үлкендерге көрсетіп жатқан құрметі мен қолдауларына тәнті болып, риясыз ризашылығын білдірді.

[caption id="attachment_108371" align="alignnone" width="1024"]жас ©Сурет интернеттен алынды[/caption] «Jas Otan» ЖҚ Төрағасы Нұржан Жетпісбаев атап өткендей, партия «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында зейнеткерлерге жыл сайынғы негізде үй шаруасына ғана емес, әлеуметтік және басқа да мәселелер бойынша қарайласып тұрады. «Бұл біздің аға буын өкілдері алдындағы парызымыз. Біздің ерікті жастар ардагерлерге отын жинап, аулаларынан қарды тазалауға қолғабыс етуде. Сонымен қатар, бүгін зейнеткерлерімізге өзімізбен азық-түлік себеттерін де қоса алып келдік». Одан бөлек, жасотандықтар тағы бірнеше ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне көмектесті. Алайда, олардың көмегі бір күндік белсенді жұмыспен шектелмейді. Алдағы уақытта олар өзге де зейнеткерлердің үйіне ат басын бұрып, қолдан келген көмекті аямайтын болады. Қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық сақтық шаралары, атап айтқанда бетперде кию және антисептиктерді қолдану қатаң сақталды.