COVID-19: Қазақстанның 4 өңірі «қызыл» аймақта тұр
COVID-19: Қазақстанның 4 өңірі «қызыл» аймақта тұр
155
оқылды

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның төрт облысы «қызыл» аймақта тұр.

Кеше Батыс Қазақстан «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өткен еді. Бірақ бүгін қайтадан «қызыл» аймаққа кірді. Сонымен қатар Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары да қызыл аймақта тұр. Одан бөлек «сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Атырау облыстары бар. Қалған өңірлер мен қалалар – «жасыл» аймақта.

Жалпы Қазақстан әлі де «сары» аймақта тұр.