Қазақстандық велошабандоздарды көлік қағып кетті
Қазақстандық велошабандоздарды көлік қағып кетті
155
оқылды

Испаниядағы жаттығулардың бірінде қазақстандық «Astana Pro Team» командасының спортшыларын көлік қағып кеткен. Бұл туралы Велокоманданың Twitter парақшасында жарияланды.

Оқиға салдарынан Евгений Гидич пен Вадим Пронский жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Велокоманда жариялаған ақпаратқа сәйкес, Гидичтің қолына аздаған зақым келген. Ал Пронскийдің тізесі мен иегі сырылыпты.