Полицей пойызда 2 миллион теңгесін жоғалтқан жолаушының ақшасын тауып берді
Полицей пойызда 2 миллион теңгесін жоғалтқан жолаушының ақшасын тауып берді
140
оқылды

Көліктегі полиция мәліметінше, 41 жастағы Қарағандының ​​тұрғыны 1 900 000 теңгесін пойызда ұмытып кеткен.

Сөмкенің иесі Ерболат Әмірханов 3 ақпанда Шымкенттен Қарағандыға келген. Сөмкесін жоғалтқанын пойыздан түскен соң бір-ақ білген жолаушы ақшасын іздеп астанаға келеді. Полицей Берік Аққалиев 1 900 000 теңгесі бар сөмкені тауып, иесіне тапсырды.

«Полицейлерге және маған көмек көрсеткен полицей Берік Аққалиевке алғыс айтамын. Жедел іздестіріп жоғалтқан қаражатымды тауып берді», – деді Ерболат Әмірханов.

Көліктегі полиция жолаушыларға жол жүргенде мұқият болуға шақырады.