«Жусанның» жалғасы: Сирияда жетім қалған балаларды елге әкелді
«Жусанның» жалғасы: Сирияда жетім қалған балаларды елге әкелді
5,142
оқылды

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 4 ер адам, 1 әйел және 7 баланы (2-еуі – жетім) Қазақстанға келді.

«Терроризмге қатысқан адамдар қылмыстық жауапқа тартылады. Жетім балалар жақын туыстарының қамқорлығына беріледі. Мемлекет тарапынан оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі. Әйелдер мен балалар оңалту орталығында қоғамға қайта бейімдеуден өтеді», – деп хабарлады министрлік.

Террористік іс-әрекеттер жалғасып жатқан аймақтардан Қазақстан азаматтарынан қайтару – «Жусан» операциясының жалғасы.