Түркістандық депутат 50 отбасына көмір түсіріп берді
Түркістандық депутат 50 отбасына көмір түсіріп берді
145
оқылды

Бүгінде «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне  тұрғындардан өтініштер жиі түсіп жатыр. Осыған байланысты Түркістан облысында «Nur Otan» партиясы атынан сайланған депутаттар халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, мәселелерін шешуге кірісіп кетті.

Солардың бірі – Түркістан облысы, Созақ аудандық мәслихатының депутаты, жеке кәсіпкер Бағлан Сүгірбаев. Бірінші рет депутаттық мандатқа ие болған ол тұрғындардың өтінішіне сәйкес, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылының аз қамтылған, асыраушысы жоқ отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандары бар отбасыларға көмек көрсетті. Халық қалаулысы 50 отбасыға 1 тоннадан көмір түсіріп берді. Дәлірек айтсақ, 35 шаңыраққа көмір түсіріп берсе, 15 отбасының әрқайсысына көмір алатын қаражат ұсынды.

Үйлерге қатты отынды үлестіріп, таратып беруге әдеттегідей Созақ аудандық Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Value» еріктілер ұйымы көмектесті. Тұрғындар депутат пен ерікті жастарға ризашылықтарын білдірді.

Аталған кәсіпкер өткен жылы пандемия кезінде Созақ ауданындағы ондаған отбасына азық-түлік таратқан болатын. Сонымен бірге Төлеби ауданындағы су тасқыны кезінде төлебилік бірнеше отбасына көмек қолын соза білді. [caption id="attachment_108624" align="alignnone" width="1024"]Түркістан ©Сурет интернеттен алынды[/caption]

 Түркістан облысы бойынша облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттарға «Nur Otan» партиясы фракциясынан 263 депутат сайланған. Оның 37-сі – облыстық мәслихат депутаттары. Бұл азаматтар Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында қоғамдық қабылдаулар өткізіп жатыр. Қаңтар айынан қазіргі күнге дейін Түркістан облысында барлық деңгейдегі мәслихаттардың жаңа депутаттары 70 кездесу өткізіп, 214 тұрғынның өтініштері мен талап-тілектерін қабылдап үлгерді.

Айта кету керек, өткен жылы «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне еліміз бойынша 393 мыңнан аса өтініш келіп түсті. Бұл – 2019 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Бұл ретте соңғы 5 жылда партияға 1,2 млн адам жүгінді, оның ішінде 423 мыңнан астамы – онлайн форматта. Олардың 92% оң шешімін тапты, тегін консультативтік, құқықтық және өзге де көмек көрсетілді. Талдау көрсеткендей, халықты негізінен әлеуметтік қамсыздандыру – 30%, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 16%, тұрғын үймен қамтамасыз ету – 15%, еңбек даулары – 14%, құрылыс – 9%, білім беру – 9%, медициналық қызмет көрсету – 7% мәселелері алаңдатты.