Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА-ның ресми рейтингінде төртінші орынға жайғасқан, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жаңартылған рейтинг УЕФА-ның ресми сайтында жарияланды.
УЕФА ұлттық құрамаларының жаңартылған рейтингінде Португалия бірінші орыннан үшінші орынға төмендеді. ТОП-3 тізімде Испания, Ресей және Португалия құрамасы тұр.
Футзалдан УЕФА құрамаларының рейтингі:
1. Испания — 2229,843;
2. Ресей — 2115,118;
3. Португалия — 209,246;
4. Казахстан — 2097,180;
5. Әзербайжан — 2018,718.