Қазақстан баспананы жалға алу бағасы жөнінен 107-орында тұр
Қазақстан баспананы жалға алу бағасы жөнінен 107-орында тұр
186
оқылды

Еnergyprom.kz-ның мәліметінше, баспана жалдау құны бойынша әлем елдерінің рейтингінде Қазақстан 138 елдің ішінде 107-орында тұр.

Әлемде баспана жалдау құны Бермуд аралдары, Гонконг, Сингапурда өте қымбат. Ең арзан тұрғын үй Ауғанстанда бар. Былтыр Қазақстанда үй жалдаудың бір шаршы метр үшін жалдау құны 1,6 мың теңге болды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 9,3%-ке артық. Ең қымбаты  астанада – бір шаршы метр үшін 2,9 мың теңге, Алматыда – 2,3 мың теңге, Ақтауда – 2 мың теңге. Ең арзан баға Семейде – 1,2 мың теңге. Жиһазы мен қажетті тұрмыстық техникасы жоқ пәтерлерді жалдау құны да астана, Алматы қалаларында қымбат.

Бұған дейін біз биыл баспана бағасы өскенін жазған болатынбыз.