Алматы облысында 14 қойды пойыз басып кетті
Алматы облысында 14 қойды пойыз басып кетті
213
оқылды

Көліктегі полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Сарықұл Жоланов: «Қопа-Жиренайғыр» аралығында жүк пойызының машинисі теміржол бойында бір отар қойдың жайылып жүргенін байқап, шұғыл тежегішті іске қосты. Бірақ 14 қойды басып кетті. Пойыз 9 минут тұрып қалды», – деді.

Оның айтуынша, Шамалған стансасының қызметкерлері қойдың иесі Алматы облысының тұрғын екенін анықтады. Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 559-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапқа тартты. Оның үстінен әкімшілік хаттама толтырылды.

Бұған дейін Шамалғанда пойыз бен автобус соқтығысып, апаттан соң 5 шақырым айналма жол салынатын болғанын жазған болатынбыз.