Есіл ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары кезектен тыс тексеріс жүргізді
Елордада гүл дүкенінің ашылуына арналған ұтысқа 2000-нан астам адам жиналғаны белгілі болды. Комитет ұйымдастырушылардың айыппұл төлейтінін жеткізді.
"2021 жылдың 7 ақпанындаЕсілауданыәкімдігіменжергіліктіполицияқызметкерлерібасмемлекеттіксанитардәрігерқаулысынбұзуфактісінанықтады. Екімыңадамныңқатысуыменшара (гүлдүкенініңашылуынаарналғанұтыс) ұйымдастырылған", – санитарлық-эпидемиологиялықбақылаукомитетініңресмиөкіліЕржанБайтанаев.
Есіл ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары кезектен тыс тексеріс жүргізді, – деп жазады Sputnik.kz.
"Оқиға расталды, Global Flowers ЖШС-на 8 ақпан күні басқармаға келу қажеттігі туралы хат тапсырылды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес шара қолданылады", – деді Байтанаев.
Бұл бапқа сәйкес, 670 910 теңге немесе 1,5 мың доллар айыппұл салу қарастырылған.