Өскеменде автобус өртенді
Өскеменде автобус өртенді
5,176
оқылды

Өскеменде жолаушылар автобусы өртенді, – деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар басқармасы.

Ведомствоның мәліметінше, бүгін таңертең 08 сағат 40 минутта Буров көшесінің бойында қалалық №13 автобус жолда кетіп бара жатып өртенген. «Кинг Лонг» маркалы қоғамдық көлік қозғалтқышының жылу жүйесінде қысқа тұйықталу салдарынан өрт шыққан. Өрт 1,5 шаршы метрді қамтыған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, «аса қауіпті агрегатты абайсыз қолдану» нұсқасы тексерілуде», – деп түсіндіреді ТЖ басқармасынан.

Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.