Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталды
Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталды
165
оқылды

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

2 474 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен  – 1 712 адам, анықтамасыз 762 адам келді. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 086 жолаушы: анықтамамен – 727, анықтамасыз – 359; Алматы қаласының әуежайына – 7 рейс, 1 248 жолаушы, анықтамамен – 920, анықтамасыз – 328; Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 12 жолаушы анықтамамен келген; Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 128 жолаушы: анықтамамен – 53, анықтамасыз – 75. Анықтамасыз келгендер ПТР тест тапсырды.

Ал 6 ақпанда анықтамасыз келген 484 жолаушының екеуінен коронавирус анықталды. Біреуі Дубайдан Алматыға, екіншісі Франкфурттен Нұр-Сұлтанға келген.

Бұған дейін әуежайда ауруын жасырғаны үшін бір жылға сотталған жолаушы туралы жазған едік.