Көлік ұрлығы көбейіп барады
Көлік ұрлығы көбейіп барады
290
оқылды

Соңғы 15 жылда 40 мыңнан астам көлік шекара асып кетіпті. Бірақ соның 66-сы ғана иесіне қайтарылған. Ұрланған машинаның дені көршілес елдерге жөнелтілген. Өткенде Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин ІІМ жүйесінде тұрған автокөліктерге қатысты дербес деректердің сыртқа ағып кетуіне жол бермей, осы саланы тәртіпке келтіру қажетін қадап айтты.

Әсіресе, «егіз көліктер» схе­ма­сы тыйыл­­май тұр. Қылмыс­керлер арам пи­ғылмен айдап әкеткен ма­шинаның VIN-кодын көшіріп, түсі, маркасы, көлемі ұқсас автоға орнатады да, сатып жібереді. Ал темір тұлпарды тақымдаған жаңа иелері ештеңе сезбей жүре береді. Мы­салы, бірер ай бұрын СҚО-ның тәртіп сақшылары Ресейде ұрлаған екі көлікті тапты. Пат­рульдік по­­­лиция батальо­нының экипажы Петропавлда ресейлік тіркеу нөмірін таққан Seat Leon автосын тоқтатқан. Құжаттарын тексеру кезінде оның іздеуде жүргені анық­талған.Аталмыш дерек бойынша ма­териал жи­налып, «Жалған құ­жаттарды, мөрта­бандарды, мөр­лердi, блан­кілерді, мем­лекеттiк пошта төлемі бел­­гілерін, мемле­кеттiк наг­радаларды қол­­­дан жасау, дайындау немесе өткiзу» бабымен қыл­­мыстық іс қозғалды. Жүр­гізуші әйел көлікті сатып аларда тексер­меген, яғни ұрлан­ғанын білмеген. Поли­­­­цейлер еш­теңеге қаратпай, көлікті заңды иесіне қайтарды. Дұрыс-ақ. Алайда ал­данған адамның не жазығы бар? Біреудің алаяқ­тығынан неге бас­қалар зардап шегуі керек? Бірақ сала министрі саспай отыр. «Бірде-бір көлік кеден тір­кеуінсіз өтпейді. Егер VIN-код де­­­­ректер базасынан шықса, көлік сол жерде тоқтатылады. Ұрланған болса, кері қайтарылады», – дейді Ержан Тұрғымбаев. Сонымен, төменгі палатада ТМД аумағында көлік құралдарын ұрлауға қарсы күрес және оларды қайтару туралы заң жобасы ма­құлданды. Онда сұрау салу нор­масындағы кемшіліктер түзе­тіл­­ген. Енді ережеге сәйкес, көрші мем­­лекеттегі әріптестердің сұ­рауын орындауға бір-ақ ай бе­ріледі. Со­нымен қатар хатта­мада жол-көлік, өрт және табиғи апат­­тан зардап шеккен авто­көліктер туралы мә­ліметті бөлісу, кеден орган­да­рымен ақпарат алмасу, бір жыл ішінде сұрауы жоқ автокөлік қай жерде анықталса, сол мем­­лекетте қал­дыру мәселесі қарас­тырылған. Жалпы, автокөліктен айырылу иесіне ауыр тиетіні анық. Біреуге ма­шина жай қозғалыс құралы болса, тағы біреуге – бала-ша­ға­сын асырайтын табыс көзі. Ішкі істер министрлігі ұсын­ған мә­лі­метке жүгінсек, кейінгі үш жылда 5 132 автокөлік ұрланып, тек 1 922-сі иесіне қайтарылған. Жілік­­­тей тал­дасақ: 2018 жылы ұрлан­­ғаны – 1 909, табылғаны – 1 013; 2019 жылы ұр­ланғаны – 1 490, та­былғаны – 671; 2020 жылғы сегіз айда ұрланғаны – 1 733, та­был­ғаны – 238. Яғни, табылған көліктер жыл­дан-жылға азайып барады. Неге десеңіз, Ішкі істер министрлігі 2018 жылдан бастап шанақтың және агрегаттардың нөмірлік бел­­гі­­­ле­­­­рінің сәйкестігін тексеру қыз­­м­е­тін алып тастаған. Сон­дық­тан кейбір мамандар халыққа қыз­мет көрсету ор­талығында ша­нақ пен қоз­­­­ғалт­­­­қыш нө­­­мірін тексеруді қай­­­­тадан енгізуді ұсы­нады. Себебі ат­­үсті қадағалау ұрылардың ұстал­­мауына мүмкіндік туғызған. Қыл­­мыскерлер құзыретті орган­­­дар­дың еш­қайсысы нөмірлік белгі­лерді тек­­­­­­сер­мейтінін пай­да­­ланып, өз схе­­­масымен «жұмыс істейді». Ұр­­­лан­­ған авто­­­­­кө­лік­тердің шанақ нө­­мірлерін өзгертіп, еш қинал­­мастан қайта тіркейді. Жаңа­ғы ұсыныс ескерілсе, іздеуде жүр­ген кө­ліктерді табу көрсеткіші әлде­­қайда артар еді. Әрине, бұл қадам машинаны тіркеу уақытын ұзар­­­татыны даусыз, де­­генмен алаяқ­­­тардың жолын кесіп, қолды болған автоларды ие­­­сіне қай­таруға сеп­тесетіні рас. Айтпақшы, көлік ұрлығына погон тақ­қандар да шатылған ба екен деген сауал туады. Күні кеше желіде алматылық по­ли­цей­­лер халықтың жеке дерек­терін әлдекімдерге сатыпты деген ақ­парат жарқ ете түсті. Заң үс­темдік құрған, тәртіп сақ­шылары тәртіп сақ­тайтын елдерде мұндай әңгіме үлкен шуға айналар ма еді, бірақ біз селт етпедік. Қылмыстық жол­мен бизнес жасаған алты полицей мен бір азаматтық тұлға сотталды деседі. Бас­­шылары да жауапқа тартылған. Енді министр мырза қол астындағы VIN-код сат­қыштарды тапса және айыбын арқалап ел алдына шықса деген тілек бар.

Еркебұлан НҰРЕКЕШ