Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман болады.
Қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді: 23 желтоқсанға ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
1,014
оқылды

Қазгидромет 23 желтоқсанда ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман болады. 23 желтоқсанда Шымкент пен Түркістан қалаларында да тұман болады. 

Түнде Маңғыстау облысының орталығында көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Ақтауда 23 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады.

Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман болады. Қызылордада 23 желтоқсанда тұман түседі деп болжанады.

Жамбыл облысында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің облыстың таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с қамтиды. Таразда 23 желтоқсанда тұман, көктайғақ болады.

Түнде және күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың шығысында жел екпіні 25 м/с дейін жетеді.  Таңертең және күндіз Көкшетауда 23 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында тұман, көктайғақ болады. Ақтөбеде 23 желтоқсанда күндіз көктайғақ болады деп болжанады. 

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с, түнде облыстың солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ болады. Жезқазғанда 23 желтоқсанда кей уақыттарда тұман түседі.

Түнде Батыс Қазақстан облысында, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман болады, бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Оралда 23 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болып, бұрқасын жүреді.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Түнде және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар жауады, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда 23 желтоқсанда күндіз қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Петропавлда 23 желтоқсанда күндіз аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Облыстың солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Облыстың солтүстік-батысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Өскеменде 23 желтоқсанда түнде жаяу бұрқасын жүреді. Түнде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с

Астанада 23 желтоқсанда жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ болады. Алматы мен Қонаев қалаларында да 23 желтоқсанда тұман, жолдарда көктайғақ болады деп болжанады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.