Жеңіл жүрісті қыздарға пәтерін жалға берген Атырау тұрғынына айыппұл салынды
Жеңіл жүрісті қыздарға пәтерін жалға берген Атырау тұрғынына айыппұл салынды
178
оқылды
Атырауда жеңіл жүрісті қыздарға пәтерін жалға берген азаматша жазаланды. Облыстық полиция депаратменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша 102 операторына Ш.Уәлиханов көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің тұрғыны жалдамалы пәтерді жалдаушылар түнгі тыныштықты бұзғаны туралы хабарлаған.
«Атырау қаласындағы №2 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторлары түнгі сағат 02:52-де жалдамалы пәтерді алған жеңіл жүрістегі қыздар адамдарды қабылдағанын анықтады. Мұнда Түркістан қаласының 2 азаматшасы жезөкшелікпен айналысқан. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабымен (Түнгі тыныштықты бұзу) хаттамалар толтырылды», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Пәтерін жалға берген 48 жастағы пәтер иесіне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 450-бабы бойынша (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну) 218 775 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.