Жамбылдық тұрғын өзін-өзі жөндейтін трактор ойлап тапты
Жамбылдық тұрғын өзін-өзі жөндейтін трактор ойлап тапты
252
оқылды

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы  Құмарық ауылының тұрғыны өзін-өзі жөндейтін трактор ойлап тапты.

Жанболат Әмір есімді жас өнертапқыш  шаруашылыққа, құрылысқа қажетті әмбебап техникаларды ойлап тауып, құрастырумен айналысады. Бүгінге дейін 3 шағын трактор жасап шығарған ол биыл  жер жыртып, шөп шауып, құрылысқа қажетті бетонды араластырып, құм сала алатын трактор жасап шығарды. Ерекше айта кетерлігі,  аталған трактор  өзінің ахауларын  өзі жөндеп, қайта іске қоса алады.  width= Естеріңізде болса, алдыңғы жылы  Шу ауданы Қонаев ауылының тұрғыны Мейя Тасиков та  италиялық Lamborghini көлігінің баламасын қолдан жасап шығарған еді. Өнертапқыш сол кезде қолдау болса, тікұшақ та құрастыра алатынын айтқан.

Міне, осындай азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау жасалса, әлі талай алпауыт елдерді басып озатынымыз анық.

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы