БҰҰ Бас хатшысы геосаяси шиеленіс осы ғасырда шегіне жеткендіктен, эскалацияны тоқтатуға шақырды, — деп хабарлайды «ҚазАқпарат» БҰҰ-ның сайтына сілтеме жасап.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш дүйсенбі күні геосаяси шиеленіс эскалациясын төмендетуге шақырды.
«Жаңа жыл абыр-сабырдан басталды. Біз қауіпті кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Тіпті, ядролық қарусыздандырудың да өзінен-өзі қажеттілігі болмай барады» дей келе, ол Иракта Касем Сулейманидің өлтірілгеніне тоқталды.
Жексенбі күні Иран АҚШ-тан кек алатынын хабарлаған болатын, сонымен қатар 2015 жылдан бергі ядролық бағдарламаға қатыспайтынын мәлімдеген еді.
Ол сондай-ақ Гутерриш Солтүстік Кореяның ядролық сынақтарға жариялаған моратирийден бас тартпақ шешіміне де алаңдаушылық білдірді. Гутерриш Нью-Йорктегі БҰҰ орталық кеңсесінде журналистерге көптеген мемлекет салдары болжауға да келмейтін шешімдер қабылдап жатқанын айтты.
Сауда және технологиялық шиеленістер де әлемдік нарыққа кері әсер етіп, теңсіздікті ұлғайтып жатқанын айтты.