Сегіз салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Мэнни Пакьяо жартылай орта дивизионда кез келген чемпионмен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды "Чемпионат".
Филиппиндік боксшының сөзінше, ол WBO чемпионы америкалық Теренс Кроуфордпен 40 миллион доллар үшін айқасуға дайын.
"Титулы бар боксшымен жұдырықтасқым келеді. Боб Арумға айттық, мен Кроуфордпен жекпе-жекке дайынмын деп. Гонорарды маған 40, ал Кроуфордқа 10 миллион етіп бөлуге дайынмын. Кіммен болса да жұдырықтасуға бармын. Мені білесіздер ешқандай сынақтан қашпаймын, кез келгеніне қарсы тұрамын", – деп жеткізді боксшының сөзін BoxingScene.
Пакьяо соңғы рет 2019 жылы шілдеде жекпе-жекке шығып, Кит Турманды жеңген. Ал жақында ол WBA Super титулынан айырылған болатын.