Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0-1, 21 КО) 20 ақпанда жекпе-жекке шығады, – деп хабарлайды Boxingscene.com.
Қазақ боксшының қарсыласы 33 жастағы ганалық Ободай Саи (35-3-1, 26 КО) болады. Жекпе-жек АҚШ-тың Майами қаласында өтеді. Ганалық "The Мiracle" (сиқырлы) лақап атына ие.
Бұған дейін Қанат Ислам мексикалық Хайме Мунгиямен (36-0, 29 КО) жұдырықтасатыны айтылған еді.
Қанат рингке 14 ай үзілістен кейін оралады. Соңғы кездесуінде ол WBO International титулы үшін кездесуде намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) жеңген еді.