Алматыда экологиялық автобустар жүйткиді
Алматыда экологиялық автобустар жүйткиді
267
оқылды

«Жолаушылар тасымалы саласы айтарлықтай жаңғыртылды. Бүгін экологиялық таза отынмен жүретін 41 жаңа автобус жолға шықты. №45, №70 сияқты бағыт бойынша қатынайтын автобус паркін жаңартамыз», – деді Б.Сағынтаев.

Сыйымдылығы 90 адамға арналған үш есікті 12 метрлік жаңа автобустарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған жылжымалы платформа бар. Автобустар бейнебақылау, жолаушы ағынын есептейтін автоматты жүйе және жүргізушінің жағдайын бақылайтын датчикпен жабдықталған.   автобус, Алматы, жолаушы, «Алматыэлектротранс» коммуналдық автопаркі барлығы 150 автобусты жеткізуге келісімшарт жасады. Қалған 109-ы жақын арада келеді. Сондай-ақ жеке тасымалдаушылар 83 автобус, соның ішінде 38 электробус сатып алуды жоспарлап отыр. Осылайша биыл жолаушылар тасымалы паркі 233 экологиялық таза көлікпен жаңартылады.   https://youtu.be/WeRzwmUZ2IE

Жалпы қалада 20 автобус паркі жұмыс істейді. Онда 147 бағыт бойынша қатынайтын 1940 бірлік автобус бар. Соның ішінде 393-і газбен, 14 электр автобус, 160 троллейбус, сондай-ақ мыңнан астамы дизель отынымен жүреді.