Оқытушылар онлайн оқу туралы пікір алмасты
Оқытушылар онлайн оқу туралы пікір алмасты
323
оқылды

Кездесуде Алматы және Тараз қалаларының бастауыш сынып мұғалімдері әртүрлі платформалармен жұмыс істеу жайы туралы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесу барысында Лилия Қарамергенова мен Нәдира Тілеуова (Алматы қ. №34 гимназия) Microsoft Teams платформасындағы өз тәжірибелерін ортаға салды. Педагогтар материалдарды тіркеу, оларды оқушыларға көрсету, топтық жұмысты ұйымдастыру, тақтамен жұмыс сияқты сабақты ұйымдастыру кезіндегі аталмыш платформаның мүмкіндіктерін көрсетті. Марина Смелик (Алматы қ. №132 гимназия) қатысушыларға onlinemektep.net. платформасында сабақтарды ұйымдастыру барысын көрсетті. Мұнда мұғалімге сабақты дайындауға, қалыптастырушы бағалау тапсырмалары мен үй жұмысы тапсырмаларын тіркеуге, оқушылармен кері байланыс жасауға, орындалған жұмысқа тез арада баға беруге мүмкіндік береді.   оқу ҚазҰПУ түлегі, бүгінде жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі, бастауыш сыныптар бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Алла Козленко «Googlе базасында «Bilimkana-Almaty» ЖШС-дағы қашықтан оқытуды ұйымдастыру» бойынша тіркелу, сабақ кестесін құрастыру, оқушыларға арналған тапсырмаларды, тест тапсырмаларын тіркеу, оқушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жасау жұмыстары жайлы айтып берді. «Бастауыш» білім беру бағдарламаларының доценттері Әсел Ақпаева, Лариса Лебедева және «A-Status» (Тараз қ.) мектеп-гимназия, балабақша кешенінің мұғалімі Лариса Гилева OPIK.KZ платформасының жұмысы жайлы баяндады. Қатысушылардың назарына аталмыш платформаның нәтижесін қолма-қол тексерте отырып, оқушылардың онлайн режимінде тапсырмаларды орындауы, сабаққа арналған материалдарды дайындау сияқты мүмкіндіктерін қолдана отырып, сабақтың үзінділерін дайындау жолдары көрсетілді. Кездесуге Қазан федералды университеті, Волгоград мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті, Пермь мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті, Мәскеу қалалық педагогикалық университеті оқытушылары мен студенттері қатысты.