Головкин "Канеломен" екінші орта салмақта жекпе-жекке шығады
Головкин "Канеломен" екінші орта салмақта жекпе-жекке шығады
5,196
оқылды
Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) промоутері Том Леффлер GGG-дің рингке оралуы мен мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (54-1-2, 36 КО) өтуі ықтимал жекпе-жек туралы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz. Оның сөзінше, Головкиннің келесі айқасы маусым айында өтуі мүмкін. Дегенмен нақты қарсылас пен мерзім туралы әзірге ешқандай шешім жоқ. Сонымен қоса, промоутер "Канеломен" жекпе-жек үшін Головкин екінші орта салмаққа көтерілуге дайын және мықты айқастар үшін мұндайға әрдайым дайын болғанын айтады. Леффлер мексикалық Хайме Мунгиямен келіссөз туралы нақты ештеңе айтпай, тек бұл кездесу қазіргі уақытта қызықты болатынын ғана атап өтті. Сондай-ақ, промоутер WBA (Super) чемпионы Риота Муратамен Токиода жекпе-жек өткізу де қызықты болады деп есептейді.