Қала әкімі бұл мәселені жіті назарға алғанын, биыл апаттық жағдайдағы 10 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда бар екенін айтты.
«Мен бұл мәселе бойынша өздеріңізбен жиі кездесіп отырдым. Екі-үш апта бұрын тағы барып, жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылауға алдым. Жыл соңына дейін 10 үйді қалыпқа келтіреміз. Қалған үйлерді жөндеу жұмыстары келесі жылы аяқталады», – деді Бақытжан Сағынтаев.
Сонымен қатар, шаһар басшысы жөндеу жұмыстарының барысы міндетті түрде тұрғындардың сұрауларына сәйкес, ұсыныстарын назарға ала отырып жүргізілетінін атап өтті.
Бүгінгі күні берілген қорытындыға сәйкес (№1/180, 1/160, 1/161, 1/165) үйлердің іргетасын нығайту бойынша жұмыстар жүргізілді, №1/167, 1/168 үйлер бойынша жұмыстар қолға алынды. Үйлердің іргетастарының негізін нығайту жөніндегі жұмыстар аяқталған соң қасбеттер сырланады және тұрғын үйлердің кіреберістері жөнделеді.
2016 жылдан бері барлығы 13 тұрғын үй нығайтылды, 17 үй бойынша ұсынымдар алынды. Осыған сәйкес 2021-2022 жылдары нығайту жұмыстары жүретін болады.