«Ертіс» өз алаңында «Каспийді», «Қызылжар» «Ақтөбені» ұтты.
Қазақстан Премьер-лигасында «Ертіс» пен «Қызылжар» жеңіске жетті
instagram.com/fcaktobe_official
293
оқылды

Қазақстан Премьер-лигасының 20-туры аясында «Ертіс» өз алаңында «Каспийді» 3:2 есебімен жеңді.

Кездесуде ақтаулық клуб сапынан Ноа Ндомбази есеп ашты. Екінші таймда Жан Морел По мен Юши Шимамура павлодарлықтарды алға шығарды. Павел Седько пенальтиден есепті теңестіргенімен, 90+14-минутта По тағы бір пенальтиді дәл орындап, «Ертіске» жеңіс сыйлады.

Осы жеңістен кейін «Ертістің» 17 ұпайы болды. Команда турнир кестесінің соңғы орнында қалып отыр. «Каспийде» 21 ұпай бар.

Петропавлда өткен тағы бір матчта «Қызылжар» «Ақтөбені» 3:1 есебімен ұтты.

Алаң иелері сапынан Евгений Макаренко, Этьен Бугре және Лиридон Латифи гол соқты. «Ақтөбенің» жалғыз добын Яни Атанасов енгізді. Қонақтар екінші таймда Темірлан Ерланов алаңнан қуылғаннан кейін ойынды он футболшымен жалғастырды.

«Қызылжар» 22 ұпаймен турнир кестесінің орта бөлігінде тұр. 31 ұпайы бар «Ақтөбе» төртінші орнын сақтап қалды.