Сотталушы тергеу изоляторынан қашып кетті
Сотталушы тергеу изоляторынан қашып кетті
177
оқылды

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады.

«15 ақпанда ЛА-155/18 мекемесінен 1987 жылғы сотталушы Д.Т. Давудов қашып кетті. Алматы Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 426-бабына (Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамаудан қашу – ред.) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Сотталушыға іздеу жарияланды»,– делінген хабарламада.

Қашып кеткен ер адам 2020 жылы 17 мамырда қамауға алынған. Қарашада ұрлық, алаяқтық жасағаны үшін 6 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылған.

Бұған дейін Алматыда жалған судья тергеу изоляторындағы күдіктіні босатпақ болғаны туралы жазған едік.