Еліміздегі банктердің таза табысы қанша?
Еліміздегі банктердің таза табысы қанша?
661
оқылды
Табыс көлемі бойынша көш басында Халық банкі тұр. Былтырғы он айдағы табыс көлемі 254,1 млрд теңге. Бұл елдегі жалпы банк секторындағы табыстың шамамен 38%-ы. Екінші орында Kaspi Bank. Табыс көлемі 187,2 млрд теңге (28%). Үшінші орындағы Сбербанктің табысы 50,9 млрд теңге (7,6%). Елімізде өткен жылы барлығы 23 банк тіркелген. Оның ішінде Tengri банк пен Asiacredit лицензиясынан айырылды. Ал шығынға белшеден батқан банктердің үштігіне Capital Bank, AsiaCredit Bank (екеуі де реттеушінің пруденциалдық нормативтерін орындамайды) және Nurbank еніп отыр. Банк (1)   Меншікті капиталы мен активі жоғары банктер Айта кетерлігі, былтырғы қазан айының соңына қарай баланстағы ЕДБ-нің меншікті капиталы 3,77 трлн теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғы көлемнен 13,2% артық. Меншікті капитал бойынша көшбасшы банктер қатарына Халық банкі (1,31 трлн теңге), Сбербанк (288,9 млрд теңге) және «Отбасы» банкі (269,2 млрд теңге) еніп отыр. Жалпы елдегі банк секторының активтері бір жыл ішінде 14,2%-ға өсіп биылғы қарашаға дейін 30,22 трлн теңгеге жетті. Оның 32,1%-ы Халық банкіне (9,71 трлн теңге), 9,7% -ы Сбербанкке (2,92 трлн теңге), 8,6% -ы Kaspi Bank-ке (2,59 трлн теңге) тиесілі.  Банк Айта кетерлігі 2019 жылы елімізде 27 екінші деңгейлі банк тіркелді. Оның ішінде 14 банк шетелдікі. Активтердің жалпы сомасы 2018 жылмен салыстырғанда 1,565 трлн теңгеге өскен. Жылдағыдай активтердің көп бөлігі Қазақстан Халық Банкіне тиесілі болды. Былтырғы банк секторындағы айтулы жаңалықтардың бірі Фридом Финанс 53 млн АҚШ долларына KassaNova-ны сатып алды. Kaspi IPO шығып, бүгінде банктің капитализациясы 14 млрд долларға жетті. Банк (4) Несиені уақытында төлей алмағандар саны артты Жеке тұлғаларға берілген несиелерге келетін болсақ, олардың көлемі өткен жылы 13% -ға, 7,52 трлн теңгеге дейін өсті, негізінен ипотекалық несиелер көлемінің 34,3% -ға, 2,4 трлн теңгеге дейін өсуі есебінен. Бұл ретте азаматтардың тұтынушылық мақсаттарына арналған несиелер 4,3% -ке өсіп, 4,39 трлн теңгені құрады, оның ішінде жаңадан берілген тұтынушылық несиелер көлемі 3,83 трлн теңгені құрады. Сарапшылар тұтынушылық несиенің салыстырмалы түрде төмен болатынын болжаса да былтыр халықтың кірісінің төмендеуіне қарамастан несиеге беріліген қаражат көлемінде өсім бар. Ұлттық валютада берілген несие 10,1% -ға өскен. Керісінше шетелдік валютада берілген несие көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 17,7% -ға төмендепті. Несие алып оны уақытында төлей алмағандардың көрсеткіші де артқан. Ұлттық банк мерзімі өткен несиелердің жалпы сомасы 928,1 млрд теңгені құрайтынын хабарлайды. Оның ішінде жеке тұлғаларға тиесілісі (жеке кәсіпкерлерді қосқанда) 335,4 млрд.теңге, заңды тұлғаларға тиесілісі – 592,6 млрд теңге. Зерттеу кезінде ең қомақты төленбеген қарыз уақыты 2020 жылдың наурызында тіркелген. Яғни, 1,07 трлн теңгені құрапты. Есте болса, бұл кезде елімізде карантин режимі енгізілген болатын. Мерзімі өткен несие бойынша Алматы қаласы (467,6 миллиард теңге және Нұр-Сұлтан қаласы  (141 миллиард теңге) көш бастап тұр. Одан кейін Шығыс Қазақстан облысы – 84,6 млрд теңге, Атырау облысы – 34 млрд және Қарағанды ​​облысы – 31 млрд теңге. Статистикалық мәліметтен несие аз алатын өңірлердің қатырында Солтүстік Қазақстан және Түркістан облысы еніп отыр. Банк (3) Қазақстандағы банктер саны 34% -ға қысқарды Moody’s Investors Service агенттігінің хабарлауынша, алты жыл ішінде Ұлттық банк Қазақстандағы банктер санын 34% -ға қысқартқан. «2015 жылдан бастап 2021 жылдың ақпанына дейінгі кезеңде Қазақстан Ұлттық Банкі мен АРФР тоғыз банктік лицензияны қайтарып алды, тек бірігу және қосылу нәтижесінде таратылған ұйымдарды қоспағанда, осы кезеңде Қазақстандағы банктер санын 34% -ға қысқарды», − делінген агенттіктің есебінде. Осы ретте бәсекеге қабілетсіз банктер анықтау маңызды қадам екенін айта келіп, елдегі ең ірі несие беруші Халық Банкі активтердің үлесі бойынша нарықтың 32%-ын иеленетінін ал алдыңғы қатарлы 10 банктің нарықтағы үлесі 86% құрайтынын айтқан. Осылайша, елдегі қалған 16 банк нарықтық активтердің тек 14% үшін бәсекеге түседі. Агенттіктің пікірінше, осы банктердің тоғызындағы актив үлесі 1% -ға да жетпейді.