Қызылорда Ресей губерниясы ма? Әлде...
Қызылорда Ресей губерниясы ма? Әлде...
241
оқылды
Қызылорда қаласының тұрғыны Талғат Наурызбаев орталық көшелерде орналасқан орыстілді жарнамаларды оқып, «Қызылорда Ресей губерниясы ма, әлде Қазақстан аймағы ма?!» деп ашынды.
«Бүгін таңертең бір басында үш аты бар көшемен, яғни, Абай даңғылының Панфил… көшесі қиылысынан Елбасы атындағы даңғылдың Бөкейхан көшесі қиылысына дейін жүріп өттім. Осы кішкене аралықта тек қана орыс тілінде жазылған үш жарнаманы және көше атауының жыртылып тұрған бір нұсқасын байқадым. Бірінші жарнамада онымен қоймай мекенжайын, тіпті, сонау 90-жылдардан қалып қойған «Западный» атауымен жазып қойған. Меніңше, бұл үлкен бильборд қалалық мекемеге қарасты болуы керек. Ішінде бір ауыз мемлекеттік тілде аудармасы жоқ жарнамаға қалай рұқсат берілген? Мен түсінбеймін, қалай шамамен 99, 99… проценті қазақ тілінде сөйлейтін аймақта тек қана ресей тілінде жазып, қазақ тілінде жазбай қоюға болады?! Әншейінде, камерадан кішкентай темекі тұқылын тастағанын немесе автокөліктің жанбай қалған фарын көріп қалып, оны қауіпті қылмыскерді қуғандай қуып ұстап алып, айыппұл салуға келгенде алдымызға жан салмаймыз. Ал қазақ тілін жарнамаға қостыруға келгенде дәрменсіз бола қаламыз»,– деп жазады қала тұрғыны.
 width= Негізінде көрнекi ақпараттың барлық мәтiнi мемлекеттік тiлде – сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тілінде оң жағында немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады екен. Яғни, бірінші кезекте қазақ тілінде жазылып, содан кейін басқа тілге аударылуы тиіс. Бірақ, қала тұрғыны айтқандай, суреттегі көріністен мұндай реттілік байқалмай тұр.

Н.АЛПЫСБАЙ, Қызылорда облысы