Елімізде жыл сайын орташа есеппен автокөлік құралдарында 2 мыңнан астам өрт болады.
Тек 2020 жылдың 12 айында 2 216 автокөлік өрті болып, шығыны 618 млн. теңгені құраған. 2021 жылдың қаңтар айында көліктерде 210 өрт болды, оның шығыны 88 млн. теңгені құрады. 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрттер саны 2 есе артты (2020 жылы 110), материалдық залал 5 есе өсті (2020 жылы 15 млн. теңге).
Автокөліктегі өрттердің негізгі үлесі жеңіл көлікке тиесілі, атап айтқанда, 187 жағдай немесе көліктегі өрттердің жалпы санының 89%-ын құрайды.
Көлік құралдарында өрттердің пайда болуының негізгі себептері:
автокөлік құралының электр жабдығын орнату және пайдалану қағидаларын бұзу;
мотор бөліктерін жанғыш материалдармен жылыту, аталмыш материалдарды радиаторлар алдындағы кеңістікке орнату;
қолдан жасалған газ жабдығын орнату;
отты абайсыз қолдану;
отын жүйесінің, қозғалтқышты майлау жүйелерінің ақауы;
электр жүйесінің ақауы;
ашық от көздерін қолдана отырып, автомобильдерді жөндеу жұмыстарын жүргізу;