Шымкентте сыныптасының әкесін өлтірген мектеп оқушысы қамауға алынды
Шымкентте сыныптасының әкесін өлтірген мектеп оқушысы қамауға алынды
5,200
оқылды

15 жастағы жасөспірімге марқұмның «қызыма тиіспе» деп ескерткені ұнамаған көрінеді. Бұл туралы КТК хабарлады.

Ересек адамның сөзіне кек сақтап қалған 9-сынып оқушысы 42 жастағы азаматты көшеде күтіп тұрып, таспен ұрып құлатқан. Зияфат Ыдырысовтың қайтыс болғанына жақындары сене алар емес. Өз шаруасымен көшеге кеткен 42 жастағы азаматтың денесі түнде үйінің маңынан табылды. «Бассүйегі мылжа-мылжасы шығып, соңғы демін алып жатқанда ғана көріп үлгердік», – дейді. Ал оның алдында сол маңда үш-төрт жеткіншектің топтасып тұрғанын, таяқ ұстап тұрғанын көргендер бар. Зияфатты өлтірген 9-сынып оқушысы екені анықталды. Ол марқұмның қызымен бір сыныпта оқиды. 15 жастағы Пардамбек Сайыпов бұзық бала болған. Одан жәбір көргенін қызы бірнеше мәрте әкесіне айтып барыпты. Сондықтан Зияфат «қызымнан аулақ жүр» деп жасөспірімге ескерту жасаған. 9-сынып оқушысы осыған кектенген болуы мүмкін.

Марқұмның қызы Хаяла Нариманова: «Ол баламен 4-сыныпқа дейін бір партада отырғанбыз. Бірінші сыныптан бері маған да, басқа құрбыларыма да тыныштық бермейтін. Бізге боқауыз сөз айтып, аяқтан шалып құлату оған күнделікті нәрсе. Мен түгілі, өзге қыздар да ол туралы ата-анасына талай мәрте шағымданған. Бірақ, оған бәрібір», – дейді.

№55 мектеп басшылығы Пардамбек Сайыповтың бұзық екенін байқамаған.

«Осы жағдайдан кейін жоғары сынып оқушыларына беймезгіл уақытта көше кезуге тыйым саламыз», – дейді.