Қазақстанда коронавирустан 10 адам қайтыс болды
Қазақстанда коронавирустан 10 адам қайтыс болды
5,109
оқылды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Бүгінгі мәлімет бойынша 21 994 адам короновирустан емделіп жатыр. Оның ішінде, 4 900 науқас стационарда, 17 094 науқас амбулаториялық жағдайда ем қабылдап жатыр.

Соңғы мәлімет бойынша 255 адамның жағдайы ауыр, 40 науқастың жағдайы өте ауыр, 40 адам жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.