Толассыз жауған қардан елдімекендермен байланыс үзілген, – деп жазады 24.kz.
Ауғанстанда қалың қар жауып, үйлердің шатыры құлады. Салдарынан 16 адам қайтыс болды, 14 адам зардап шекті.
Дереккөздің жазуынша, Герат провинциясында 6 адам қаза тапты. Оның ішінде әйелдер мен балалар да бар.
Адраскан аймағында екі адам қайтыс болды.
Кандагар қаласында үйдің шатыр құлап, сегіз адам қаза болды.