20 ақпаннан 21 ақпанға қараған түні кәсіби рингте жеңілмеген қазақстандық аса ауыр салмақтағы Жан Кособуцкий (14-0, 13 КО) Германияның Гамбург қаласында бос WBA International титулын сарапқа салады.
32 жастағы қазақстандықтың қарсыласы 33 жастағы нигериялық боксшы Онориода Эвариэме болады (18-1, 17 КО).
Гамбургтегі бокс кеші Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады.
Африкалық боксшы ірілігіне байланысты "Годзилла" лақап атын иеленген.