Тіркелмеген көліктерді «аулау» басталады
Тіркелмеген көліктерді «аулау» басталады
307
оқылды

Ішкі істер министрлігі шетелдік нөмірі бар көліктерге қатысты позициясын білдірді. Мекеме елімізде жүрген Армения, Қыр­ғыз Республикасы мен Ресей нөмірі бар көліктерді арнайы тіркеу қажет деп санайды. Бү­гінде елімізде аталған мемлекет­терден әкелінген 170 мыңнан астам көлік бар. Шетелдік нөмірі бар көліктерді тіркеудің ерекше­ліктерін жол полициясы меке­мелерінен білуге болады.

Министрліктің деректеріне қарағанда, еліміздегі арнайы құрылғылар шетелдік нөмірі бар көліктердің 2019 жылы жол ережесін шамамен 90 мың мәрте бұзға­нын анықтаған. Бұл дегеніңіз шамамен 1,1 млрд теңге көлеміндегі айыппұл. Осыншама айыппұлдың қаншасы өнді­ріліп алынғаны белгісіз. Ведомствоның баспасөз қызметі шетелдерде есепте тұр­ған көлікті жүргізген Қазақстан аза­маттары 1 884 жол-көлік оқиғасына себепші болып, соның салдарынан 132 адам көз жұмғанын, 500-ден астам адам жараланғанын хабарлады. Сонымен қатар тиісті тәртіпке сәйкес тіркелмеген көлік иелеріне 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады, қажет болса, жол полициясы қызметкерлері көліктерді айып тұрағына алып кетуге құқылы. Өйткені Қазақстан азаматтары Қырғыз Республикасында немесе Арменияда тіркелген көліктерді тек кедендік декларациядан өткізіп, тиісті салығын төлеген соң ғана пайдалана алады.