Сатушы болып жұмысқа орналаспақ болған қыз қымбат тон ұрлады
Сатушы болып жұмысқа орналаспақ болған қыз қымбат тон ұрлады
174
оқылды

Дүкенде тәжірибеден өтіп жүрген бойжеткен қымбат тон ұрлады.

Елорданың криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы кезінде тон ұрлады деген күдікпен 20 жастағы бойжеткенді ұстады. Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, тергеу барысында жылжымайтын мүлік супермаркетінде тәжірибеден өтіп жүрген бойжеткеннің 600 мың теңге тұратын тонды ұрлап кеткені анықталған. Ол тонды сатпақ болыпты.

 «Күдіктіге қатысты «ұрлық» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Бойжеткен кінәсін мойындап түсініктеме берді. Қазір оның елорда аумағында бұған дейін жасалған осындай қылмыстарға қатысы тексерілуде. Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға, бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады», – деді ведомстводан.