Тұрмысы нашар отбасында неге жиі өрт шығады?
Тұрмысы нашар отбасында неге жиі өрт шығады?
368
оқылды
2020 жылы қазан айына дейін 9 мың өрт тіркелген. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, тұтастай алғанда, елде өрт санының орта есеппен 10% -ға төмендеуі байқалды. тұрғын үй секторында - 12% -ға; көлікте - 19%; бақыланатын мекемелерде - 8%. Таяуда Жаңатаста тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде өрт шығып Әйгерім (2015 жылы туған), Әбілмансұр (2016 ж.), Нұрислам (2017 ж.), Айару (2019 ж.) және Айсана (2020 ж.) есімді бес бала қаза болды. Балаларды көршілері құтқаруға тырысқан, олар өз көліктерімен төрт баланы ауруханаға алып кеткен. Ал тағы бір бүлдіршіннің денесін өрт сөндірушілер кейінірек өртенген пәтерден тапты. Ерлі-зайыпты Нұрсұлтан Әбдімәліков пен Меңсұлу Есмаханова облыс орталығы Тараз қаласынан 170 шақырым қашық жатқан Жаңатас кентінде тұрады. Облыстық төтенше жағдай қызметі өкілінің хабарлауынша, өрт шыққан кезде балалардың әкесі жұмыста, ал анасы есікті сыртынан құлыптап, азық-түлік алуға кеткен. [caption id="attachment_113536" align="alignnone" width="405"]Өрт Фото Төтенше жағдайлар министрлігі сайтынан алынды[/caption]
«Өрт басталғанда көршісі балалардың анасына хабарласқан. Ол 10-15 минутта үйге келіп, есікті өзі ашқан. Қазіргі уақытта одан ешқандай жауап ала алмаймыз. Анасымен психологтар, мамандар жұмыс істеп жатыр», - деді Жамбыл облысы ПД бастығы Бахыт Ратаев.
Бес баланың әкесі Нұрсұлтан Әбдімәліков Жаңатас кентіндегі орталық ауруханада бухгалтер болып жұмыс істейді. Балалардың анасы Меңсұлудың мамандығы мұғалім, ол декрет демалысында болған. Осыған дейін көпбалалы отбасы ретінде мемлекеттен жәрдемақы алған. Алдын ала мәліметтер бойынша, Жаңатастағы тұрғын үйдегі пәтердегі өрт оқиғасы тез тұтанғыш материалдың бетіне ашық от көзінің түсуі салдарынан туындаған. Жамбыл облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бақыт Ратаевтың хабарлауынша, өрт фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-сараптама орталығы мамандарының алдын-ала мәліметтері бойынша, балалар газдан уланған.
 «Өрт бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы үш бөлмелі пәтерде орын алды. От балалар бөлмесінде тұтанған. Жалын 16 шаршы метр аумақты қамтыды. Жылжымалы өрт-техникалық зертханамен зерттеу жүргізу кезінде оқиға орнында жанған сымдар мен электр жабдықтары, пеш немесе басқа да қосымша жылыту құралдары табылмады, үй орталық жылытуға қосылған», - деп атап өтті ТЖД басшысы Ермек Момбаев.
Арнайы комиссияның төрағасы, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек зардап шеккен отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетінін атап өтті. Балалардың ата-анасына демеушілер есебінен Жаңатас қаласынан 3 бөлмелі пәтер берілді, ал Сарысу ауданының кәсіпкерлері баспанаға қажетті жиһаз бен техника алып берді. Қоғамдық ұйымдар, демеушілерден 3 млн. теңгеден астам қаржы жиналып, материалдық көмек көрсетілді. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметкерлер бір күндік жалақысын көмек ретінде жолдайтын болды. [caption id="attachment_113537" align="alignnone" width="960"]Өрт Фото Жамбыл облысы әкімдігі сайтынан алынды[/caption] «Birgemiz» қорының қамқоршылық кеңесі Жамбыл облысының Сарысу ауданы Жаңатас қаласында өрттен зардап шеккен Әбдімәліковтер отбасына 2 млн. теңге бөлу туралы шешім қабылдады.

Өрттен бесіктегі сәби қайтыс болды

Осыдан бес күн бұрын Қызылорда қаласы әл-Фараби шағын ауданындағы уақытша баспанадан өрт шығып, бесіктегі сәби қайтыс болды. Үй ішінде сәбимен бірге оның төрт әпкесі және анасы болған. Олар үйден шығып үлгерген.
«Кешкісін үйде тоқтың исі шығатын. Мамаммен сөйлескенде үйден тоқтын исі шығатынын айттым, ол жан-жағыңды қара деді. Бірақ мен қарағанмен ешнәрсе таппадым. Кешкісін балаларды жатқызып, кіші қызымды бесікке бөлеп отырып ұйықтап кетіппін. Бір кезде тұншығып жатырмын. Көзімді ашсам, үй қара түтінге оранған. Үш қызымды алып сыртқа шығардым. Енді екеуіне барамын деп терезені қолыммен сындырып кірдім. Біреуін шығарып бесіктегіге бара алмай қалдым. Шамам жетпеді. Түтіннен түк көрінбеді», − дейді қайтыс болған бесіктегі сәбидің анасы.
Осы оқиғадан кейін еріктілер тобы үйі өртенген отбасыға бір күнде 25 миллион теңге қаражат жинап берді. Бұл қаражатқа қаланың ортасынан 5 бөлмелі пәтер алды. [caption id="attachment_113538" align="alignnone" width="1920"]Өрт © Sputnik / Владислав Воднев[/caption] Қазақстанда өрт кезінде зардап шеккендердің саны жыл сайын артпаса кеміген жоқ. 2019 жылы 4 ақпанға қараған түні Астана қаласының (қазіргі Нұр-Сұлтан) шетіндегі Көктал-1 елдімекеніндегі шағын үйден өрт шығып, бір үйдің бес қызы қаза тапты. Өрттен опат болған бес қызды жерлеу рәсіміне жүздеген адам жиналды. Қара жамылған шаңыраққа көмектесуді ұйғарған жұрт қыздардың ата-анасына ақша аударды. Жергілікті мешіт Ситер отбасына пәтер сатып әперді. Осы оқиғадан кейін елде көпбалалы әйелдердің наразылығы күшейді. Олар әлеуметтік көмекті күшейтуді, тұрғын-үй мәселесін шешуді талап етті. Осы жағдайдан кейін елімізде тұрмысы төмен отбасыларға Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.