Абайды талқылады
Абайды талқылады
309
оқылды

«Рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасы аясында және Абай Құнанбайұлының туға­нына 175 жыл толуына орай «Абай – ақын, ойшыл, ау­дар­­машы» атты ғылыми се­­­ми­нар өтті. Нұр-Сұлтан­да­­­ғы Достық үйінде өткен бас­қосуға жоғары оқу орын­­­­­­дарының ғалымдары, ҚХА Ғы­лыми кеңесі және елор­­да­лық этномәдени ор­та­­­­­­лық­­тардың мүшелері қа­тыс­ты.

Қазақстан халқы Ассамблея­сы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова Мемлекет басшысының «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақала­сы­ның халық көңілінен шығып, қолдауға ие болғанын атап өтті.

«2020 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында ойшыл, рухани ұстазымыз ұлы Абайдың 175 жыл­дығы аталып өтеді. Абай фило­софиясы қазіргі уақытқа дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Біздің қоғам мүшелерін гума­нис­­тік тәрбиелеуге бағыт­тады. «Ғылым жолына жеткенше мақтанба» және «Ең алдымен адам болып қалу қажет» деп адамгер­ші­лікке шақырды», – деді ол.

Тарих ғылымдарының док­торы, профессор Марат Әбсе­метов рухани жаңғыру, өрлеудің негізі Абай шығармашылығында жатқанын тілге тиек етті.

«Қазір елімізде қай жағынан алсақ та өсу бар. Бізге рухани жағынан өсу қажет, оған негіз бола­тын – Абай. 1914 жылы Се­мейде ақынның қайтыс болға­нына 10 жыл толуына орай әдеби кеш өтті. Сонда Міржақып Дулатов: «Үнемі бұл күйде тұр­мас, халық ағарар, өнер-білім­ге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен-күнге артар. «Бірінші ақынымыз» деп қабірін халқы жиі-жиі зиярат етер, халық пен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз көр­мес­піз, бірақ біздің рухы­мыз сезер, қуанар...» депті. Алаш ардақ­тысының айтқа­ны айны­май келді...», – деді про­фес­сор.

Отырыс барысында «Абай шығармаларын ауда­ру­­дағы үндестік», Абай шығармашы­лы­ғында кездесетін «Адам» концептісі», «Абай – аудармашы» тақырыптары қозғалды. Одан бөлек, ҚХА ғылыми-сарап­та­ма тобының төрағасы Халил Мас­лов, С.Сейфуллин атын­да­ғы Қазақ агротехникалық уни­верситетінің доценті Мар­жан Акошева, «Тұран» білім беру корпорациясының вице-президенті Орақ Әлиев ұлы ойшылдың философиялық ой-тұжырымдары мен шығарма­ла­рындағы парасатты ойларын   саралаған баяндама жасады.