Путин премьер-министр лауазымына кандидат ұсынды
Путин премьер-министр лауазымына кандидат ұсынды
5,141
оқылды

Ресей президенті Владимир Путин премьер-министр лауазымына Ресей Федералды салық қызметінің басшысы Михаил Мишустиннің кандидатурасын ұсынды, – деп хабарлайды bbc.com.

«Президент Владимир Путин Михаил Мишустинмен жұмыс кездесуін өткізіп, оны премьер-министр қызметіне шақырды. Келісімнен кейін ол Мемлекеттік Думаның қарауына Мишустиннің кандидатурасын ұсынды», – делінген Кремльдің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Путин сонымен бірге премьер-министр Дмитрий Медведевтің уақытша міндеттерін тағайындай отырып, үкіметті қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды. Үкіметке жаңа министрлер кабинеті құрылғанға дейін өз міндеттерін орындау жүктелді.

Айта кетейік, сәрсенбі күні Медведев Путиннің конституциялық реформа жүргізуі үшін үкімет отставкаға кету қажет деп санайтынын мәлімдеді.

53 жастағы Мишустин 2010 жылдан бастап Федералды салық қызметін басқарады. Ол тағайындалғанға дейін UFG Asset Management Group компаниясының президенті болған.

2004-2006 жылдары Мишустин жылжымайтын мүлік кадастры бойынша Федералды агенттігін, ал 2007-2008 жылдары – Арнайы экономикалық аймақтарды басқару федералды агенттігін басқарды.

https://youtu.be/5E2nBYHRe6s