Қазақстандықтарға көп сим-карт не үшін қажет?
Қазақстандықтарға көп сим-карт не үшін қажет?
366
оқылды
Байланыс операторларының бәсекесі Бұған бірнеше себеп әсер етуі мүмкін. "Қазақтелеком" телекоммуникация компаниясы өкілдерінің айтуынша, қазір елде ұялы байланыс операторлары арасында бәсекелестік жоғары, олардың әрқайсысы тұтынушы назарын аудартып, түрлі жеңілдіктер, акция мен тартымды ұсыныстарды жиі жасап отырады. Сонымен бірге ел азаматтарына сим-карт саны бойынша шектеу қойылмаған. Сондықтан әркім қанша нөмір ұстаса да, өз еркі. "Сонымен бірге бүгінгі таңда белгілі бір операторға «байлану» тәжірибесі түбегейлі жойылған. Яғни үйреншікті нөміріңізден бас тартпай, (бастапқы +701, 707, 747 секілді префикстерді еш өзгертпей) қалаған операторға ауысып кетуге тұтынушының толық мүмкіндігі бар", – дейді "Қазақтелеком" телекоммуникация компаниясының маманы. сим-карт Бірнеше гаджет қолдануы Азаматтардың бірнеше нөмірді бірден қолдануына тағы бір себеп – әр адам қызметіне және жақындарына бөлек сим-карт арнайтын тәжірибелер жиі кездеседі. Сонымен бірге бір адамның бірнеше гаджеті болуы да мүмкін. Global Digital 2021 статистикасы бойынша, қазақстандықтар қолданатын құрылғылар бойынша уеб-трафик үлесі: мобайл телефон – 45,6%, компьютер немесе ноутбук – 53,4%, планшет – 1,0%, басқа құрылғылар – 0,1% Қазақстандықтар атына тіркелген нөмірді қалай біле алады? Global Digital 2021 статистикасы бойынша әр екінші қазақстандықтың атында 2 байланыс нөмірі тіркелген. Кейбірі саналы түрде 2 нөмір ұстаса, кей адам өзінің атына басқа нөмірдің тіркелгенінен хабарсыз болып жатады. Әр адам өзінің атына тіркелген ұялы байланыс нөмірлерінің санын және ол нөмірдің қай оператордікі екенін Imei.rfs.gov.kz сайтынан ЖСН арқылы тексере алады. Себебі кез келген жағдайда байланыс нөмірі үшін оның иесі жауап береді. [caption id="attachment_113853" align="aligncenter" width="914"]тіркелген нөмір, сим-карт Сайт скриншоты[/caption] Тіркелген нөмірді қадағалау неліктен маңызды? Мысалы, біреу сіздің SIM картаңызды пайдаланса, олар қандай да бір заңсыз әрекет жасаса, құқық қорғау органдары сұрау салып, сізге барады. Кейде басқа адамдардың SIM карталарын пайдаланып несие алатын кездер болады. Содан кейін коллектор иесіне қоңырау шалады. Бұл сізге де қолайсыздық тудыруы мүмкін. Егер сіздің атыңызға басқа нөмір тіркелген болса, сол оператордың кеңсесіне жеке куәлігіңізді апарып, нөмірді өшірте аласыз. Егер сіз қолданып жүрген нөмір басқа адамның атынан тіркелген болса, онда да байланыс операторының кеңсесіне жеке куәлігіңізбен барып, мәселені шешу қажет. Себебі, сіз қолданып жүрген нөмірдің иесі бір күні ол нөмірді тіркеуден шығаратын болса, сим-карт істен шығады. Оны сіз де пайдалана алмай қаласыз. Айта кетейік, 2019 жылы 1 қаңтарда Қазақстанда абоненттік құрылғыларды тіркеу процесі аяқталды. Қазір барлық ұялы телефон SIM-карт иесінің ЖСН-іне байланған. Абоненттер 2018 жыл ішінде өз ЖСН-ін SMS  жіберу арқылы телефонын автоматты түрде тіркейді. Global Digital 2021 Қазақстанның интернет қолданушыларын да есептеген. 2021 жылдың қаңтарында Қазақстанда 15,47 миллион интернет қолданушысы болды. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда интернет қолданушылар саны 741 мыңға (+ 5,0%) артқан. 2021 жылғы қаңтарда Қазақстанда интернеттің таралу деңгейі 81,9% болды. Ал биыл қаңтарда Қазақстанда әлеуметтік желі қолданушыларының саны 12 миллионға жеткен. Өткен жылмен салыстырғанда биыл желі қолданушыларының саны 2,5 миллионға (+ 26%) көбейген. Биыл қаңтарда Қазақстанда әлеуметтік желілерді қолданушылар саны халықтың жалпы санының 63,5%-ін құрады.