Елімізде баспана мәселесі қашан шешіледі?
Елімізде баспана мәселесі қашан шешіледі?
1,146
оқылды
Былтыр республика бойынша 15,3 млн шаршы метр тұрғын үй салынып, 140 мыңнан астам баспана пайдалануға берілді. Оның ішінде 38,4 мың отбасына мемлекеттік қолдау көрсетілді. 28 мың әлеуметтік тұрғын үй түрінде және 10,4 мың жеңілдетілген қарыз берілді. Биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен 17 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Бұл 163 мың баспана. Ал үй кезегінде тұрған 31,3 мың адам биыл баспаналы болады деген жоспар бар. Сонымен қатар, 22,5 мың әлеуметтік баспана салынып, сатып алынады және кезекте тұрғандарға 8,8 мың жеңілдетілген қарыздар беріледі.  width=
«Үй кезегінің мәселесін шешу үшін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» негізінде «Отбасы банк» толыққанды даму және қолдау институтын құруды тапсырған болатын. «Отбасы банк» жұмысының негізгі қағидаты, әсіресе, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға бағытталатын болады», − деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов.
Белгілі болғандай елдегі тұрын үй мәселесін біржола шешу үшін «Отбасы банк» базасында «Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық» құрылады. Бұл орталық тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алуды, сондай-ақ тұрғын үйдің қолжетімділік сатысына сәйкес тұрғын үйді кезекке қою күні бойынша бөлуді орталықтандырып жүзеге асырады. «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығының» базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорларымен интеграцияланатын болады. Сонымен қатар, министр атап өткендей, базаға қайта енгізуге жол берілмейді, азаматтар мемлекеттік бағдарламаларға бір рет қана қатыса алады. Елімізде тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтардың саны жыл сайын 50 мыңға дейін өсуде. Бүгінгі күні 548 мың адам әкімдіктерде тұрғын үй кезегінде тұр. Баспана Кезектегі көп балалы отбасылар, жетім балалар, мүгедек балалары бар отбасылар және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтары, табысы отбасы мүшесіне шаққанда ең төменгі бір күнкөріс деңгейінен төмен болған жағдайда, тұрғын үймен қамтамасыз ету жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау тетігі арқылы жүзеге асыру ұсынылады. Ал мемлекеттік қызметкерлер, бюджет қызметкерлері, толық емес отбасылар және басқа да кезекте тұрған азаматтардың табыс көлемі ең төменгі бір күнкөріс деңгейінен жоғары. Азаматтардың бұл санаты жеңілдетілген қарыз алу арқылы жаңа тұрғын үйге қол жеткізе алады. «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, мемлекеттік бағдарлама іске асырылған сәттен бастап сомасы 337,5 млрд теңгені құрайтын 35 049 заем берілді. Оның ішінде кредиттік тұрғын үйді іске асыру шеңберінде 165,9 млрд теңге сомасына 19 085 заем берілді.  width= Салынатын үйлер сапалы ма? Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша қазір жеке құрылыс салушыларда 31,2 мың пәтерге, әкімдіктерде 188 мың пәтерге бос жер учаскелері бар. Осы бос жерлерге таласатын, сапасыз үйлер салатын компаниялар жетерлік. Өткен 2 жылда осындай 123 компания анықталған.
«Қаржылық тұрақсыз компаниялар сапалы және арзан тұрғын үйге уәде беріп, әр түрлі кооперативтер, одақтар, жарналар арқылы халықты өздеріне тартады. Сонымен қатар, бұл жағдайда құрылыстың аяқталуына ешкім кепілдік бермейді», − деді «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпханов.  
Тұрғын үй кезегіне кімдер тұра алады?   Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған:
  • Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
  • Жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға жататын Қазақстан Республикасы азаматтарына;
  • халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарына, соның ішінде:
- жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер; - басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері; - 1 және 2 топтағы мүгедектер;
  • мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; - жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; - қандастар; - экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; - мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары; - толық емес отбасылар жатады.
  • мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;
  • жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.

Нұр-Сұлтанда үй кезегінде 49 310 адам тұр

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласының өзінде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінде  49 310 адам тұр. Жалпы 2020 жылы 7 мыңнан астам отбасы пәтер иелері атанды. Оның ішінде кезекте тұрған азаматтарға тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 4 200 пәтер берілген. Жұмыс істейтін жастарға – 350 аса жалдамалы пәтер, «Отбасы банкі», Казақстан ипотекалық компаниясының несие бағдарламалары, тұрғын үй сертификаттары арқылы сонымен қатар  кезекте тұрған отбасылар үшін тұрғын үй мәселесі шешілді. Ағымдағы жылы 5 500 аса отбасы үшін тұрғын үй мәселесін шешу жоспарлануда. Тұрғын үйді іске асырудың келесі бағыты «ЖАО-да кезекте тұрған (Бақытты отбасы) аз қамтылған отбасыларға ҚТҚЖБ кредит беру». Бұл бағдарламаға кезекте тұрған көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар қатыса алады. Оларға «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (Отбасы банк) арқылы жылдық 2% - бен, бастапқы жарнасы кемінде 10% болған кезде 20 жылға дейінгі мерзімге жеңілдікті қарыздар беру көзделген. Тұрғын үй құны 15 млн.теңгеден аспауы тиіс. «Шаңырақ» бағдарламасына «Отбасы» банкінің салымшы ретінде әкімдікте кезекте тұрғандар жылдық мөлшері 5%, бастапқы жарнасы 10%, кредиттеу мерзімі 20 жылға дейінгі шарттармен пәтер сатып ала алады. «Шаңырақ» (5-10-20) бағдарламасы жайында не білеміз? Бұл бағдарламаға әкімдікте «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес тұрғын үй кезегінде тұрғандар қатыса алады. Былтыр өтініш тұрғын үйге кезегінде 1986-2020 жж. тұрғандардан қабылданады. «Шаңырақ» бағдарламасына қатысудың талаптары қандай? - әкімдікте тұрғын үйге кезегінде тұру; - отбасының жиынтық табысы әрбір мүшесіне 126 917 теңгеден аспауы тиіс (2021 ж. 3,7 ең төменгі күнкөріс деңгейі); Тұрғын үй кезегінде тұрғаныңызды қалай дәлелдейсіз? Банк кезектілікті тексеруді кезекте тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық ақпараттық жүйесі арқылы автоматты түрде жүргізетін болады. Қосымша құжаттар талап етілмейді. Жолдасы қайтыс болып, бірақ кезінде әкімдікте тұрғын үй кезегінде тұрса.. Кезектілікке мұрагерлік құқығын ресімдеген жағдайда бағдарламаға қатысу мүмкін болады. Сонымен бірге, «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес есепте тұрған азамат қайтыс болған жағдайда, егер бұл ретте оларды мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж деп тану үшін негіздер жойылмаса, онымен бірге есепте тұрған қалған отбасы мүшелерінің кезегі сақталады. Тұрғын үйді қандай сомаға сатып ала аласыз? Ең жоғарғы заем сомасы жеке құрылыс салушылар ұсынған жаңа үйлер бойынша Қазақстанның әр аймағына байланысты: 18 млн теңгеге дейін - Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары және қала маңындағы аймақтары; 15 млн теңгеге дейін - Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Қарағанды қалалары және Қарағанды облысы; қалған өңірлер үшін - 12 млн теңгеге дейін. Әкімдіктер салған кредиттік тұрғын үй бойынша 1 ш. м. тұрғын үйдің мынадай бағалық параметрлер бекітілді: Алматы қаласы - 240 мың теңгеге дейін; Нұр-Сұлтан қаласы және оның қала маңы аймағы - 220 мың теңгеге дейін; Шымкент қаласы және Алматы қ. қала маңы аймағында - 200 мың теңгеге дейін; Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан, Қарағанды қалалары және Қарағанды облысы - 180 мың теңгеге дейін; Қалған өңірлер - 160 мың теңгеге дейін. Өтініш бергенде отбасындағы әр адамның табысы ескеріле ме? Тұрғынжай беру туралы өтініш жасар алдындағы соңғы 12 айда:
  • халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарының;
  • "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен, "Батыр ана" атағымен, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасыларға жататын ҚР азаматтарының жиынтық орташа айлық кірісі отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болуы тиіс.
  • Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінің коэффициенті мүгедек, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолданылмайды.
Кімдерге кезектен тыс баспана беріледі? Есепте тұрғандар қатарынан тұрғын үйге мұқтаждарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан кезексiз тұрғын үй:
  • табиғат апаттарының салдарынан баспанасы тұруға жарамсыз болып қалғандарға;
  • мемлекеттiк балалар мекемесiнен, туған-туысқандарынан, қорғаншысынан немесе қамқоршысынан қайтып оралғандарға, бұрын тұратын тұрғын үйiне оның бұзылуы немесе тұрғын емес үй-жай етiп жабдықталуы себептi қайтып оралуы мүмкiн болмаған жағдайда;
  • қылмыстық iстiң тоқтатылуына байланысты үкімнің күші жойылуы нәтижесінде жазаны өтеуден босатылған, заңсыз сотталу салдарынан тұрғынжайынан айырылған адамдарға бұрынғы тұрғынжайын қайтару мүмкіндігі болмаған кезде, егер тұрғынжай беру туралы талап ақталғаннан кейін бір жылдың ішінде мәлімделсе;
  • кәмелетке толғанға дейiн ата-анасынан айырылған жиырма жасқа толмаған жетiм балаларға;
  • еңбек шартынан туындайтын мемлекеттiк мiндеттемелер әсерiмен тұрғын үй берiлуге тиiстi не бұрынғы тұрғын үйiн пайдалану мүмкiндiгiнен заңсыз айрылған адамдарға;
  • бұрынғы тұрғын үйi өздерiне сақталмайтын жағдайда, егер бұл басқа жерге көшумен байланысты болса, сайланбалы мемлекеттiк қызметке сайланған адамдарға берiледi.