Супер орта салмақтағы қазақ боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) мен ресейлік Евгений Шведенко (15-0, 6 КО) арасындағы жекпе-жектің уақыты мен орны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл кездесу 17 сәуір Германияның Карлсруэ қаласында өтеді. Бұл айқастың жеңімпазы екінші орта дивизионда IBF чемпионы Калеб Плантқа (21-0, 12 KO) міндетті қарсылас атанады.
Айдос пен ресейлік боксшының жекпе-жегін өткізу бойынша онлайн түрде промоутерлік сауда өтті. Бұл кешті өткізу құқын Шведенконың ісін жүргізетін германиялық Fächer Sport Management компаниясы жеңіп алды. Оның мөлшерлемесі 301 588 доллар болды. Ал Ербосынұлының ісін жүргізіп жүрген Suleimen Promotions ұсынысы 180 мың доллар ғана еді.
Айта кетейік, Ербосынұлы соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айында өткізді. Онда отандасымыз ганалық Исса Самирді нокаутқа жіберген болатын.