Бұл бағдарлама алғашында Сарыарқа ауданында пилоттық режимде іске қосылып, үлкен тиімділікті көрсеткен болатын
Жаяу жүргіншілер үшін жағдай жасау, көпорталыққа бағытталған тәсілдерді енгізу, көшелердің жүру бөлігін кеңейту, жасыл желектер мен веложолдар санын ұлғайту, көпір салу және қаланы дамыту жөніндегі басқа да мәселелер "Нұр-Сұлтан-жайлы қала" мастер - жоспарының тұжырымдамасында және қоғамдық кеңістікті дамыту бағдарламасында өз көрінісін тапты. Бұл мәселелер белсенді қала тұрғындарымен, жұртшылықпен, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес-қауымдастықтардың өкілдерімен кездесуде талқыланды.
Урбанистика орталығының басшысы Асхат Садуовтың айтуынша, қаланы дамытудың мастер-жоспары стратегиялық және тактикалық мақсаттарды қамтиды. Яғни қала инфрақұрылымын әр ауданның өз орталығы болатындай етіп дамыту. Бұл дегеніміз, қызмет алу немесе бос уақытты тиімді өткізу үшін қаланың басқа жағына барудың қажеті жоқ, ал адамдардың тіршілік әрекеті үшін қажетті барлық орталықтар жақын жерде орналасады.
"Мысалы, әртүрлі орталықтардың арасындағы байланысқа өзен үстінде көпірлердің болмауы бөгет болады. Біз Тәуелсіздік, Ұлы Дала көшелеріне екі жағалауды байланыстыратын көпірлер мен Қорғалжын тас жолы, Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран даңғылының қиылысында жол айрықтарын салуды жоспарлап отырмыз қажет. Назар жайлы жаяу жүргіншілер ортасын құруға бағытталған. Мысалы, Бейбітшілік көшесінде жаяу жүргіншілер аймағын кеңейтіп, абаттандырамыз, жайлы шағын-кафелерді ашамыз, жасыл желектер көп болады. Еуразия ауданын да бірінші кезеңде қамтимыз. Осындай қағидат бойынша басқа да көшелерді қайта құрудамыз, арт-нысандарды орнатудамыз", - деді Асхат Сәдуақасов.
Осылайша, қалада 54 қоғамдық кеңістікті абаттандырылады. "Еститін мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру аясында аудан тұрғындары "Қатысу бюджеті" жобасының үлгісі бойынша өздері орталықта не ашу керегін шешетін болады. Бұдан бұрын бағдарлама Сарыарқа ауданында пилоттық режимде іске қосылып, үлкен тиімділікті көрсетті, ағымдағы жылы жоба қаланың барлық аудандарында іске қосылады.
" Қала тұрғындар үшін тұжырымдамасында қоғамдық кеңістікті дамыту бағдарламасы: қала жаяу жүргіншілерге ыңғайлы болуы, бос уақытын денсаулық үшін пайдалы өткізе алуы өте маңызды болып табылады. Мысалы, қолданыстағы ипподром базасында иппотерапиямен айналысу үшін жабық манеж ашамыз,сол жерде ұлттық және классикалық спорт түрлерін дамытатын боламыз. Осылайша, ауданда ат серуендері дамитын болады. Астананың жасыл белдеуін бойлай қала тұрғындары жазда велосипедпен, қыста шаңғымен және т. б. сырғанау үшін веложолдар аумағын көркейтеміз. Мұндай кездесулерді жиі өткіземіз. Қоғамдық кеңістікті қала тұрғындарының пікірін ескере отырып дамытатын боламыз, скверлер мен алаңдарды адамдар айтқан жерлерде орналастыратын боламыз", - деп атап өтті қала әкімі Алтай Көлгінов.
Кездесу екі сағаттан астам уақытқа созылып, қаланың белсенді тұрғындары қаланы дамыту бойынша өз ойларын ұсынды. "Нұр-Сұлтан-жайлы қала" мастер - жоспарын талқылауға кез келген адам қатыса алады. Осындай кездесулер алдағы уақытта да қала тұрғындарының қатысуымен өтетін болады.
https://youtu.be/OAHO2aZ1nbU