Қарағанды және Ақтөбе облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды. ИИДМ баспасөз қызметі ауа райының қолайсыздығына байланысты шектеу қойылған автожолдарға қатысты жедел ақпаратты таратты.
28 ақпан сағат 20.30-да Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың дұрыс көрінбеуі) келесі жолдарда көліктің барлық түрінің жүруіне шектеу енгізілді: 1. «Екатеринбург – Алматы» 1457-1503 шақырымында автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылды. 2. "Қарағанды қаласына кіреберіс" 0-16 шақырымында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді."28 ақпан сағат 20.20-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі, көктайғақ) «Самара – Шымкент» автожолының 776-965-шақырымында Улька – Қарабұтақ ауылдары учаскесінде қоғамдық көлік пен жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды", – деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.