Дариға Назарбаева сал ауруына шалдыққан балалардың жағдайымен танысты   
Дариға Назарбаева сал ауруына шалдыққан балалардың жағдайымен танысты   
236
оқылды

Сондай-ақ Дариға Нұрсұлтанқызы Тараз қаласындағы №9 орта мектеп пен А.Гайдар атындағы №35 орта мектепте орналасқан инклюзияны қолдау кабинеттерінің де тынысымен танысты.

«Қамқорлық» оңалту орталығында бүгінде нейро-ортопедиялық ауруы бар 80 бала емделуде. Мұнда ашылған сәттен бастап Жамбыл облысынан ерекше қажеттіліктері бар 200-ге жуық бала көмек алып отыр. Орталық Елбасы бастамасы аясында өңірлерден ашылған 8 орталықтың ішіндегі ең үлкені. Орталық 1500 шаршы метрде орналасқан болса, ішінде 2 бассейні бар. Тараз қаласының «Қамқорлық» оңалту орталығының директоры Раиса Қожамжарова қор басшысына кешенді оңалту тұжырымдамасы мен көрсетілетін оңалту іс-шараларының түрлері туралы баяндап, олардың ішінде дәрігерлердің консультациялары, механотерапия, емдік дене шынықтыру (кинезотерапия), сенсорлық және интерактивті бөлмелерде логопедтердің, дефектологтардың, психологтардың, эрготерапевтердің сабақтары, минералды сумен және физиоемдеуге айрықша тоқталды.  width= Осы тұста айта кетерлігі, орталық жыл сайын 600-ден астам нейро-ортопедиялық, оның ішінде церебралды сал ауруы бар балаларды тегін қабылдайды. Жалпы Елбасының бұл бастамасы жылына 5 000 баланы оңалтуға мүмкіндік береді. Жаңа 8 орталықтың жұмысы нәтижесінде церебралды сал ауруы бар балаларды оңалтуды қамту 20 пайызға өсіп отыр. Инклюзияны қолдаудың 16 кабинетін құру – Елбасы бастамасы. Дариға Назарбаева жобаның жүзеге асырылу барысымен  Тараз қаласындағы №9 орта мектеп пен А.Гайдар атындағы №35 орта мектептерде орналасқан инклюзияны қолдау кабинеттерінде  танысты. Осы екі инклюзияны қолдау кабинеттерінің ашылуы арқасында бүгінде ерекше білім алуға қажеттілігі бар 22 бала өз құрдастарымен бірге мектепте оқуға мүмкіндік алған. Бұрын бұл балалар үйде оқытылса, қазір оларға логопед, дефектолог пен психолог сияқты мамандардың жәрдемі тұрақты түрде көрсетілуде. Жоба Қазақстанның 8 өңірінде жүзеге асырылып жатыр.  Әрбір ИҚК үшін Нұрсұлтан Назарбаев қоры 10 тьютор (жеке асисстенттерді) дайындап, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің барлық мамандары үшін оқыту жүргізілген. Сонымен қатар әр мектеп сертификатталған мамандардың жылдық курациясымен қамтамасыз етіліп отыр.

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы