Есірткінің «ұясын» көрсетіп берді – видео
Есірткінің «ұясын» көрсетіп берді – видео
243
оқылды

Атырау облысы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Атырау қаласының ықшамаудандарында құпия орын жасады деген күдікпен 27 жастағы жас жігітті ұстады.

– Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде Атырау қаласы тұрғынының уақытша тұрып жатқан мекенжайынан ұнтақ тәрізді зат, есірткі дозаларын дайындап өлшейтін түрлі құралдар табылып тәркіленді. Тергеуден соң  күдікті қала аумағында 3 жерде жасырған 60 дозаны құрайтын есірткіні көрсеткен. Сараптама нәтижелері бойынша ол есірткі – пировалерон екендігі анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Марат Тағаниязов.   https://youtu.be/-wToaZLm-RY

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы