Қарағандыда автокөлік пен автобус соқтығысып, жолаушы қайтыс болды
Қарағандыда автокөлік пен автобус соқтығысып, жолаушы қайтыс болды
150
оқылды

Бүгін таңертең Майқұдық пен Сортировка арасындағы жолда ВАЗ-2114 автокөлігі автобусқа соғылған.

Автокөліктің 21 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, №118 бағыттағы жолаушылар автобусына соғылған. Көлік жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Ауыр жарақат алған жанындағы жолаушы қайтыс болды. Қарағанды облысы Полиция департаментінің мәліметінше, автобуста 45 жолаушы болған. Барлығы аман-есен. ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі ауруханада жатыр. Жанында отырған 23 жастағы жолаушы қайтыс болды. Тергеу басталды.

Алматыда да жолаушылар автобусы апатқа ұшырап бір адам қайтыс болған еді.