Өзбекстан үкіметі Олий Мажлистің (парламенттің төменгі палатасы) жаңа құрамының алдында өз өкілеттігін тоқтатты, – деп хабарлайды parliament.gov.uz.
Төменгі палатаның баспасөз қызметі хабарлағандай, Министрлер кабинеті өкілдерінің өкілеттігі Өзбекстан Республикасы Конституциясының 98-бабына сәйкес тоқтатылған.
Бұл құрам жаңа құрам тағайындалғанға дейін жұмысын жалғастырады.
Анығы, жаңа премьер-министрдің кандидатурасы 21 қаңтарда өтетін парламенттің қос палатасының біріккен отырысында қаралады.