Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайда вирустың жаппай таралуына байланысты шұғыл жиын өткізеді, – деп хабарлайды «Спутник Қазақстан».
Дереккөздің жазуынша, ұйымның төтенше жағдайлар комитетінің шұғыл жиналыс өткізетінін ұйым ресми Twitter-дегі аккаунтында хабарлады.BREAKING: WHO Director-General @DrTedros will convene an Emergency Committee on the novel #coronavirus (2019-nCoV) under the International Health Regulations.
— World Health Organization (WHO) (@WHO) January 20, 2020
The Committee will meet on Wednesday, 22 January 2020. pic.twitter.com/w3w7ZuoTeG
«Комитет кездесуді сәрсенбі, 22 қаңтар күні Женевада өткізеді. Бұл жиын аурудың таралуы қоғамдық денсаулық сақтау саласында халықаралық масштабтағы төтенше жағдай саналатынын не саналмайтынын анықтау үшін өткізіледі» делінген ресми ақпарат.
Айта керек, бүгінге дейін пневмония жұқтырғандар саны 218-ге жеткен. Өкінішке қарай, пневмония Қытайдан бөлек Оңтүстік Корея, Жапония, Таиландқа дейін таралған.