Облыстық мәслихат ғимаратында өзін өртеген тұрғынға қатысты полицей пікір білдірді
Облыстық мәслихат ғимаратында өзін өртеген тұрғынға қатысты полицей пікір білдірді
5,160
оқылды

Оқиға биыл 2 наурызда сағат 16:40-тар шамасында болған.

«46 жастағы Орал қаласының тұрғыны қалтасынан сіріңке алып, жемпірін өртеді. От дереу сөндіріліп, азаматты күйік шалған жоқ. Медициналық сараптама оның дені сау екенін көрсеткен. Ер адам қабылдау бөліміне тіркеулі №4 емханадан өзін №3 емханаға ауыстыру туралы өтінішпен келген. Осыған байланысты басқарма жетекшісінің міндетін атқарушы Арман Қалибеков №3 емхана директорын өзіне шақырды. Ол кеңсеге келемін дегенше азаматтан өз өтінішін қағаз бетіне түсіру сұралады. Ал ол агрессивті түрде бұған өз наразылығын білдірді, – дейді полицейлер. Куәгерлердің айтуынша, тұрғын шу шығарғысы келген. Қалтасынан сіріңке алып, жемпірін өртеген. Бензин болмаған.

Арман Қалибековтің айтуынша, азаматтың өтінішін орындау үшін ешқандай кедергі болмаған.

Бұған дейін Damumed-тегі деректерге қатысты дау шыққан болатын.