Қазақстандықтар қаржы пирамидасына 70 миллионға алданып қалды. Ақмолалық полицейлер Интернет көмегімен ақша пирамидасын ұйымдастырған алаяқ әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көкшетау қаласының полициясына 65 жастағы жергілікті тұрғын арыз жазған. Оның айтуынша, бейтаныс әйел интернет-ресурстардың көмегімен алдау арқылы 63 мың теңгесін қолды қылған. Тәртіп сақшылары ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сот алды тергеу жүргізді.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 48 жастағы көкшетаулық әйел 2020 жылы WhatsApp-та ақша пирамидасын ұйымдастыру үшін топ ашқаны анықталды. Онда Ақтау, Жаңаөзен, Нұр-Сұлтан, Павлодар және басқа қалалардан 20-ға жуық адам болған. Оларға келтірілген залалдың жалпы сомасы 70 миллион теңгеден асады. Әйел өз кінәсін мойындады", – деді полиция өкілдері.