Жас жігіт қоймаға білдірмей кіріп, жеңіл сатыны ұрлап кеткен
Жас жігіт қоймаға білдірмей кіріп, жеңіл сатыны ұрлап кеткен
136
оқылды
Жеңіл сатының ұрланғаны жөнінде полицияға елорда тұрғыны хабарлаған, тұрғын үйдің 10 қабатында оның жеке заттары тұратын қойма үй-жайы орналасқан. Ер адамның айтуы бойынша белгісіз адам пластик есікті майыстыру арқылы қоймаға кірген. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында елордалық полиция қызметкерлері 26 жастағы бұған дейін бірнеше рет жауаптылыққа тартылған Жамбыл облысының тумасын ұстаған. Жас жігіт мойындау айғағын бере отырып, өзінің жәбірленуші тұратын ауданда тұратынын және ұзақ уақыт бойы ауданды зерттегенін мойындаған. Ұрланған затты ол металл сынығын қабылдау орынына өткізіп үлгерген. Ер адам өзінің әрекетін табыс тапқысы келген ниетпен жасағанын түсіндірген. Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Елордалық полиция департаменті тауарлық-материалдық құндылықтар сақталатын үй-жайларға сапалы құлып пен бейнебақылау камераларын орнатуға кеңес береді.